«2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 10 Қаулысы

«2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 10 Қаулысы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 128 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.

2. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:

реттік нөмірі 101-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

101

«Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясат: басқару технологиясын әзірлеу және қоғамдық келісімді нығайтуға азаматтарды тарту»

Қоғамдық келісімді сақтау саясатын іске асыру және жаңа саяси бағыт аясында ұлттық бірлікті нығайту үшін практикалық ғылыми-негіздемелік ұсынымдарды әзірлеу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК

001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл»

25 000

».

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.