«Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-5/613 бұйрығы (күші жойылды)

Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-5/613 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының тізбесі, есептілікті ұсыну мерзімдері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымының мақта қабылдау пункттерiнiң болуы туралы есеп нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымы ғимараттарының, құрылыстарының және жабдығының әзірлігі туралы есеп нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мақтаның сапасын айқындау үшін өндiрiстiк-технологиялық зертхананың және зертханалық жабдықтың әзірлігі туралы есеп нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мақта өңдеу ұйымының есепке алу және есептiлiк құжаттарының бар-жоғы туралы есеп нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктi ғимараттарының, құрылыстарының және жабдығының әзірлігі, зертхананың және зертханалық жабдықтың әзірлігі туралы есеп нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiндегі мақта өңдеу ұйымының есепке алу және есептiлiк құжаттарының бар-жоғы туралы есеп нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.