«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау- санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылуының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған қызметі, сондай-ақ сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың денсаулығын, тіршілік ету ортасын, өнімдердің, процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында олардың сақталуын бақылау және қадағалау;»;
36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: