«Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 371 бұйрығы

«Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 371 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15801 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықта:

3-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) әуе кемесін ұшуда пайдалану - ұшқыш құрамының әуе кемесін ұшу алды қарап-тексеруді жүргізуді бастағаннан бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдардың әуе кемесінен кеткен сәтке (ұшқышсыз ұшатын аппаратты іріктеу сәтіне) дейінгі кезеңді қамтитын әуе кемесін пайдалану процесі;»;

7) тармақша алып тасталсын;

8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі;

9) қамтамасыз ету бөлімдері - авиациялық-техникалық базалар, авиациялық комендатуралар, әуе қозғалысын басқару орталықтары, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) қауіпті фактор - авиациялық жағдайдың туындауына әкеп соқтыратын авиациялық жүйенің қандай да бір элементіне кез келген (нақты немесе әлеуетті) ықпал ету;»;

13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.