(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫ...

Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығы

(2022.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.07.11. № 377 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 61 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.07.11. № 377 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.