«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 188 Қаулысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 188 Қаулысы

 

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру тәртiбiн айқындайды.»;

2 тармақта:

5) тармақша алып тасталсын;

6) тармақша алып тасталсын;

8-1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«8-1) тіркелген баға - өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;»;

12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.