«Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 4 қарашадағы № 35/244-VII шешімі

Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 4 қарашадағы № 35/244-VII шешімі

 

Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу Тізілімінде № 5226 болып тіркелген), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 2, 2.1., 2.2., 2.3., 2.4., 2.5. тармақтары алып тасталсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы

Б. Акжалов

 

Семей қаласы мәслихатының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.