Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 4 қарашадағы № 35/244-VII шешімі
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу Тізілімінде № 5226 болып тіркелген), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2, 2.1., 2.2., 2.3., 2.4., 2.5. тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |