«Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығы

«Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 «Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өртке қарсы қызмет қызметінің жарғысында:

3-тармақ алып тасталсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Негізгі міндеттерді орындау үшін гарнизондық қызмет мыналарды жүзеге асырады:

гарнизондық күштері мен құралдарының жай-күйін есепке алуды және бақылауды;

өрт сөндіру үшін гарнизонның күштері мен құралдарын қолдануды, оның ішінде күштер мен құралдарын тарту тәртібін жоспарлауды, шығу кестесі мен регламенттеу құжаттарын әзірлеуді;

гарнизонның жеке құрамын, оның ішінде гарнизонның тактикалық-арнайы дайындық, гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығулар, жарыстар, жиындар және гарнизондық іс-шаралар жүргізу арқылы қамтамасыз етуді;

өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде байланысты ұйымдастыруды, өртке қарсы қызметті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құруды;

шақыруды қабылдау және тіркеу жүйелерінің жұмыс істеу жарамдылығын қамтамасыз етуді;

гарнизон бөлімшелерінің қызмет өткеруден бос жеке құрамын ірі өрттерді сөндіруге және төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - ТЖ) салдарын жоюға тартуды жүзеге асырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Шығу кестесіне Министрліктің білім беру ұйымдары енгізілуі мүмкін. Білім беру ұйымының жеке құрамы оқу жоспарында көзделген уақыт шегінде гарнизон бөлімшелерінде қарауыл қызметін атқаруға осы мақсат үшін тартылады. Оқу-жаттығу өрт сөндіру бөлімдері, білім беру ұйымдары гарнизон қызметін атқарады. Онда қарауылдық қызмет ұйымдастырылады»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.