«Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасынөтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған жәнеарнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-267/2020 бұйрығы

Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасынөтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған жәнеарнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-267/2020 бұйрығы

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 143-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.