«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 132 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 132 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

«2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:

«2.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу» деген кіші бөлімде:

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«шикізаттың жеткіліксіздігі, жоғары құны және сапасының төмендігі;»;

мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«шығарылған өнімді өткізу нарықтарының шектеулі болуы;

негізгі және айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікті кредиттік ресурстардың болмауы;

саланы одан әрі дамыту үшін субсидиялардың жеткіліксіздігі;

мемлекеттік қолдау көлемінің аз болуына байланысты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі.»;

«2.4. Нарықтарды дамыту» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«көліктік мүмкіндіктердің шектеулі болуы;

дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымның болмауы (инфрақұрылымның тозуы, теміржолдың өткізу қабілетінің төмендігі, маусымдық кезеңде вагондардың жетіспеушілігі);

жоғары көлік шығындары және логистикалық қиындықтар;

кедендік ресімдеу процесіндегі қиындықтарды қоса алғанда, кедендік кедергілер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.