(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИН...

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығы

(2023.04.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.14.07. № 382 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.14.07. № 382 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 92) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.04. № 395 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мынадай нысандар бекітілсін:

1) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.22.11. № 874 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы акт;

3) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.22.11. № 874 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.