«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 3 наурыздағы № 56-НҚ бұйрығы

 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 3 наурыздағы № 56-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:

1) кәмелетке толмағандарға білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынатын (жыл бойы немесе маусымдық негізде жұмыс істейтін балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары (кешендері));

2) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын:

мектепке дейінгі дамыту кешені (орталық, академия);

оқушылар сарайы (үйі, орталығы, кешені, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы);

жас натуралистер стансасы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар);

жас техниктер стансасы (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектептері);

жас туристер стансасы (балалар мен жасөспірімдер туризм орталықтары);

балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);

балалар өнер мектептері (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.