Осы редакция 2020 жылғы 7 сәуірге енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
7-қосымша
Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде)
ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру
қағидалары
1. Осы Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру қағидалары «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.