«Нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 368 бұйрығы

Нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 368 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған нысаналы жарнаны пайдалану туралы есептілікті жасау, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.