«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығы (2024.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығы

(2024.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидалары бекітілсін.

2. «Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11370 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. «Жер қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін жер қатынастары саласындағы бұйрықтар тізбесінің 12-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13093 болып тіркелген) алып тасталсын.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгi

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2022 жылғы 3 маусымдағы

№ 180 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.