«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 1100 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 1100 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 7-4 және 7-5-тармақтармен толықтырылсын:

«7-4. Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қоспағанда) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес далалық төлемдер жүзеге асырылады.

Далалық төлемдерді әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығы негізінде ағымдағы ай үшін ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта өткен ай үшін әскери қызметші қызмет өткеретін әскери бөлім (мекеме) төлейді.

Далалық төлемдер:

1) егер ол туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығында көрсетілген қызметтік міндетті орындау тұрақты орналасу пунктінен немесе тұрғылықты жерінен тыс жерде үздіксіз болуды талап етпесе, тұрақты орналасу пунктіне немесе тұрғылықты жеріне күн сайын қайтып оралуға мүмкіндігі бар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.