«Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығы (күші жойылды)

Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.