«Қарағанды облысының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 42/02 Қаулысы (күші жойылды)

Қарағанды облысының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 42/02 Қаулысы

 

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/02 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Н. Әбдібеков

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2016 жылғы 17 маусымдағы

№ 42/02 қаулысына 1 қосымша

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер

 

1. «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қыркүйегінде, 2015 жылдың 22 тамыздағы № 119 (21870) «Индустриальная Караганда» және 2015 жылдың 22 тамыздағы № 132-133 (22018) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер:

Көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде:

1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»:

1 тармақтың 2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»

4 бөлім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.