«2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 903 Қаулысы

«2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 903 Қаулысы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.

2. «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2020 жылға мынадай:

1) кiрiстер - 11 906 910 617 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 5 560 089 549 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 976 507 201 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 2 512 099 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 367 801 768 мың теңге;

2) шығындар - 13 941 047 236 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 228 526 548 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 338 215 473 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 109 688 925 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо -196 122 166 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 196 122 166 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -2 458 785 333 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 проценті;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 776 582 201 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 11,1 проценті;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 458 785 333 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.