«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында:

6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ПМБ бар адамды динамикалық байқауға алу кезінде бастапқы қарап-тексеруді жүргізеді, динамикалық байқау тобын, қарап-тексеру кезеңділігін, денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды, жеке тәсілді ескере отырып, емдеудің жеке жоспарын, оңалтудың жеке бағдарламасын және басқа да іс-шараларды жасайды, деректер «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес айқындалатын нысанындағы электрондық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі - ЭАЖ) енгізіледі;»;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидаларында:

2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.