(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АКЦИЗДІК БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН...

Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліліп отырған Акциздік постың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» № 30 бұйрығының (Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 9777 жарық көрген № 10281 мемлекеттік тізілімде тіркелген құқықтық нормативтік акті) күші жойылсын деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы Д.Ерғожинға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.