Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығы
(2021.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2018.23.11. № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.23.11. № 79 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2018.23.11. № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.23.11. № 79 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Энергетика министрінің 2018.23.11. № 455 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.23.11. № 79 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.