«Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 26-135 бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 299 Қаулысы

Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 26-135 бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 299 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Алатау қаласы мәслихатының және Алатау қаласы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін.

2. «Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 25-123 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы №253 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 199727 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.