«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 626 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Б. Атамқұловқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылу тиіс.
Министр | Ә. Исекешев |
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 626 бұйрығына қосымша
«Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестің құрамы
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төраға
|
Айдар Қуанышұлы Алиақпаров | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
|