«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 118 бұйрығы

«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 118 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) спорт саласы - айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;

2) спорт түрi - жаттығу ортасы, сайыс әрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидалары ұқсастығының белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;

3) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын тізілім.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттар топтамасымен уәкілетті органға «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаларда 1-қосымшаға жазылған.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.