Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 Қаулысы
(2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.