«ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амортизациялық аударымдарды өтеу жөніндегі шығыстарды регламенттейтін нормативтік құжаттарды бекіту үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 225 бұйрығы

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амортизациялық аударымдарды өтеу жөніндегі шығыстарды регламенттейтін нормативтік құжаттарды бекіту үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 225 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амортизациялық аударымдарды өтеу жөніндегі шығыстарды регламенттейтін нормативтік құжаттарды бекіту үшін жұмыс тобы құрылсын.

2. Жұмыс тобы 2023 жылғы 25 сәуірге дейінгі мерзімде ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амортизациялық аударымдарды өтеу жөніндегі шығыстарды регламенттейтін нормативтік құжатты әзірлесін.

3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және жұмыс тобына енгізілген өзге де мүдделі тұлғаларды таныстырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

Бірінші вице-министрінің

2023 жылғы 17 сәуірдегі

№ 225 бұйрығына

қосымша

 

 

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амортизациялық

аударымдарды өтеу жөніндегі шығыстарды регламенттейтін нормативтік

құжаттарды бекіту үшін жұмыс тобының құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.