«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 360 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;