ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Волонтерлік қызмет туралы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
3-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы
4-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері
5-бап. Волонтерлік қызметтің қағидаттары
6-бап. Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері
6-1-бап. Корпоративтік волонтерлік
2-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
9-бап. Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
11-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының волонтерлік қызмет саласындағы өкілеттіктері
3-тарау. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
13-бап. Волонтерлерді үйлестіруші
15-бап. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы
16-бап. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі
17-бап. Волонтерлік қызметті қолдау және қаржылық қамтамасыз ету
18-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) волонтер - волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) волонтерлер тобы - осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;