(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ (Қ...

Осы редакция 2017 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 545 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі белгілейді.

2. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Осы Қағидада көзделмеген жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары, сұйық жүктерді құйма түрінде, қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібі мен шарттары Теміржол ынтымақтастығы ұйымының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) қатысушы елдер мен Грузияның, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдерде (шарттарда) және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерде (шарттарда) белгіленеді.

4. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналмалы маршрут - бір жөнелтуші біртекті жүк тиеген бір жөнелту станциясынан бір жүк алушының атына бір станцияға тағайындалған және жүк түсіргеннен кейін бос вагондар бастапқы станцияға жүз пайыз қайтарылатын бір теміржол көлігі жүк құжатымен (бұдан әрі - жүк құжаты) ресімделген;

2) вагондарды беру-әкету - вагондарды станциялық жолдардан(ға) кірме жолдарға(дан) жүктерді тиеу-түсіру шептеріне ауыстыру жөніндегі операциялар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.