(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ӨНДІРІП АЛАТЫН КЕДЕН...

Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелері бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат);

2) «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 34-құжат).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.