«Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 131-НҚ бұйрығы

Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 131-НҚ бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:

1. № ҚР-МБ (ММБ)-0№024804 «DORA қан өткізетін бір реттік артерия-веналық магистральдар» Б Байн Медикал Эквипмент (Гуанчжоу) Ко. Лтд., Қытай, сериясы 2401100025, 07.01.2027 ж. дейін жарамды, 14 400 қапт. медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі - Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі - Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.