(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНЫҢ МӨЛ...

Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIII шешімі

(2024.28.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

М. Нұрсұлтанұлы

 

Абай аудандық мәслихатының

2024 жылғы 28 наурыздағы

№ 14/8-VIII шешіміне

1 қосымша

 

 

Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері

 

1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.