Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 17-1/2582 Хаты
«Параграф» ақпараттық жүйесінде жариялау үшін төменде көрсетілген халықаралық шарттардың қолданысы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісім. Астана, 19 ақпан 2013 жыл.