Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 55 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: