Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын.