«Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 500/НҚ бұйрығы

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 500/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 55-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген);

2) «Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 316 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14759 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.