«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 299-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

1. Астананың орманды саябақ аймағы деп астана аумағы шегіндегі, қорғау, сауықтыру және рекреациялық функцияларды орындауға арналған жерлер танылады.

2. Астананың орманды саябақ аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы шешімді астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

3. Астананың орманды саябақ аймағының жерлерінде экологиялық жүйенің, өсімдіктердің, жануарлар мен басқа да организмдердің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне теріс әсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға және айдауға, қоқысты жинап қоюға, топырақтың бұзылуына, аң аулауға, жануарларды заңсыз аулауға, алып қоюға және жансыздандыруға, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға, осы аймақтың табиғи келбетін өзгертетін немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзатын өзге де қызметке тыйым салынады.

 

17-бап. Астананың инфрақұрылымы

Астананың инфрақұрылымын:

1) инженерлік инфрақұрылым;

2) көліктік инфрақұрылым;

3) тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік жағынан қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесі;

4) абаттандыру және көгалдандыру жүйесі;

5) астананың жұмыс істеуі үшін қажет басқа да объектілер мен жүйелер құрайды.

 

 

3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

18-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 5 маусым

             № 299-VIII ҚРЗ