«Көкөністер мен картоп өсіру» кәсіптік стандарты» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 қазандағы № 355 бұйрығына 6-қосымша

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2026 жылғы 8 қазандағы

№ 355 бұйрығына 6 - қосымша

 

 

«Көкөністер мен картоп өсіру»

кәсіптік стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Көкөністер мен картоп өсіру» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген.

Кәсіптік стандарт жұмыскерлердің кәсіптік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруы, оның ішінде белгілі бір еңбек функцияларын орындауы үшін қажетті біліктілік деңгейлерін айқындауға, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеуде біліктілік деңгейлерін айқындауға арналған.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) көкөніс шаруашылығы - көкөніс дақылдарын ашық және қорғалған жерде өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы;

2) ашық жердегі көкөніс шаруашылығы - ашық жерде көкөніс дақылдарын өсіру;

3) қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы - қорғалған топырақ құрылыстарында ашық және қорғалған топырақ үшін көкөніс дақылдары мен көшеттерді өсіру;

4) теориялық дайындық - қызметкерлерді кәсіби даярлау процесінің кезеңі, оны өту кезінде білім алушы арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес оларды қолдайды және жетілдіреді;

5) көшеттер - жеміс беру кезеңіне кірмеген жас өсімдіктерді дамыту үшін және одан ашық және қорғалған топырақта көкөністердің ерте өнімін алу үшін өсіріледі;

6) жылыжай - бүйірлік қоршауы мен жарық өткізетін жабыны бар, орташа немесе ірі көлемді өсімдіктерді өсіруге арналған культивациялық құрылыс;

7) информалды білім беру - білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжатты беру сүйемелденбейтін білім беру түрі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.