Осы редакция 2019 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
6-қосымша
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.07.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.27.06. № 464 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағат;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің етілген ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 2 (екі) сағаттан аспайды;
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық және (немесе) қағаз.