Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығы
(2023.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.03. № 297 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 27 ақпан
Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген
Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу
қағидалары
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.05.07. № 666 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.03. № 297 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындайды.