Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы
(2026.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020.29.04. № 153 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.10.10. № 317 бұйрығымен (2025 ж. 26 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.29.05. № 222 бұйрығымен (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018.06.06. № 226 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.11.08. № 284 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалары бекітілсін.
2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә.Сарбасов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;