«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына 2-қосымша) (2026.15.06. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 69 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

(2026.15.06. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші ) көрсетеді.

ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтерді біріктіруді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік қызмет болып табылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жолдайды.

5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

ҚР Әділет министрінің 2024.06.12. № 1007 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.