«Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 105 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартта:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Саяхатқа дайындық кезінде, оны жасау уақытында, транзитті қоса алғанда, Тұтынушы мыналарға:
1) оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консульдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) кіру, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) шығу және онда болу қағидалары туралы, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасының ерекшеліктері, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және ерекше қорғауға алынған басқа да туристік көрсету объектілері, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;
3) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру ұйымын таңдауға және сақтандыру сертификатын алуға;
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) туристерге келтiрiлетiн залалдар мен моральдық зиянды «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес өтеуге;