«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 275 бұйрығы (күші жойылды)

«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 275 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Осы Ережелерге 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы жіберілген сұрау салуы бойынша электронды түрде беріледі.

Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді беруге сұрау салуларды есепке алу үшін сұрау салуларды тіркеу және осы Ережелерге 20-қосымшаға сәйкес Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді беру журналы жүргізіледі.»;

көрсетілген Ережелерге 18, 19 және 20-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.