«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы (2026.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы

(2026.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.Ә. Смағұлов) заңнамаға белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.28.05. № 206 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрінің орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

4. Аталған бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 160 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (бұдан әрі - Жер кодексі) сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.29.10. № 378 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі - Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.