(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025 – 2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...

«2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2025 жылға мынадай:

1) кiрiстер - 21 392 054 673 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 15 193 343 932 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 435 325 855 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 200 000 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 758 184 886 мың теңге;

2) шығындар - 25 193 022 392 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 252 140 981 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 510 480 002 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 258 339 021 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 46 891 300 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 46 891 300 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -4 100 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -10 999 700 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,3 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 4 100 000 000 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Президенті Іс Басқармасының басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.