Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мәнді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 28 Қаулысы
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мән баламасында Америка Құрама Штаттарының елу мың долларынан асатын мөлшерде белгіленсін.