«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 391 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 391 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көтермелеу білім және ғылым жүйесі, білім және ғылым саласындағы басқа да ұйымдар қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің (бұдан әрі - студенттер) әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру нысаны болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Студенттерді өздері жүзеге асырған әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметі үшін ынталандыру мақсатында әлеуметтік студенттік кредит (бұдан әрі - Кредит) түрінде көтермелеу белгіленеді.

Кредит студентке жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы белгілеген кейбір академиялық кредиттердің есепке алынуына және Көтермелеуде көзделген шарттармен республикалық бюджет қаражаты есебінен материалдық көтермелеу алуға мүмкіндік береді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.